Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Димаш Құдайберген Алматыда өзі бейнеленген муралға қатысты ойын білдірді

2020 жылдың 4 тамыз 2020 12:04

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Танымал әнші Димаш Құдайберген Алматыда көпқабатты үйдің қабырғасына суретін салған адамдарға алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әнші өзінің Instagram – дағы парақшасында жерлестерінің «сыйлығы» өзіне қатты ұнағанын, оларға іштей рахмет айтқанын жазды.

«Алматы қаласында Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында осындай керемет мурал салыныпты. Жерлестердің «сыйлығын» көргенде іштей алғысымды білдірдім. Алайда, Димаш Қонаевтай ұлы тұлғаларымыз тұрғанда жас буын өкілі өзінің алып суреті жайлы жар салғаны ұят болар дедім де, үндемедім. Қазіргі таңда, осынша қиын жұмысқа еңбегі кеткен азаматтарға алғыс айтуды жөн көріп отырмын. Қадірлі суретшілер, қолдарыңыз дерт көрмесін, туындыларыңыз жер шарын шарлап, қазақтың атын биікке көтерсін. Және барша қолдаушыларыма шын жүректен алғыс білдіремін.Үлкен рахмет!»,– деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген бейнеленген алып картина Қабанбай батыр мен Сейфуллин көшелерінің қилысында орналасқан үйлердің бірінің қабырғасына маусым айында пайда болды.





Жоғары қарай