Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Димаш Құдайберген америкалық IPZ лейблымен келісімшартқа отырды

2020 жылдың 19 маусым 2020 17:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тағы IPZ продюсерлік агенттігімен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Димаш – Құрама Штаттарды енді бағындырып келе жатқан дарынды әнші. Ол өзінің онсыз да сәтті мансабын кеңейтуге мүмкіндік алады, шәкірт тәрбиелейтін әлемдік брэндтерге қол жеткізеді», - деді IPZ басқарушы серіктесі Роберт Зито.

IPZ – кәсіби спортшыларға, телеарна және сандық медиа мамандары, сонымен қатар ойын-сауық саласына арналған қызмет түрлерін ұсынатын агенттік. Компания келісімшарт орнатуды ұсынады, маркетинг пен медиа, қоғаммен байланыс және клиенттердің мансабын жоспарлауға қатысты кеңес береді.


Жоғары қарай