Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Димаш Құдайберген «Новая волна-2021» конкурсында қазылық етеді

2021 жылдың 22 шілде 2021 09:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген 19-25 тамызда Ресей Федерациясының Сочи қаласында өтетін «Новая волна-2021» халықаралық жас орындаушылар байқауында қазылық ететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқаудың ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, Димаш Құдайберген «Новая волна-2021» байқауының ашылу құрметіне арналған концертке, қазылар алқасы мүшелерінің концертіне, конкурстың үшінші күні өтетін премьер концертке, шараның жабылу концертіне қатысады деп жоспарланған. Байқаудың ақтық сынында Қазақстан, Аустралия, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Испания, Италия, Нидерланд және Ресей сияқты 10 елдің жас орындаушылары бақ сынайды.

Қазақстан атынан бұл өнер сайысына Mezzo тобы қатысады.

«Новая волна-2021» байқауы 2001 жылдан 2014 жылға дейін Латвияның Юрмала курортында өтіп келген болатын. 2015 жылдан бастап конкурс Ресейде өте бастады.


Жоғары қарай