Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Димаш Құдайберген «Новая волна» байқауына қатысады

2021 жылдың 19 маусым 2021 16:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Новая волна» байқауына қатысады. Бұл туралы музыкант Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Достар, мен «Новая волна» байқауына қатысатынымды ресми түрде растаймын. Онда мен қазылар алқасының мүшесі және қонақ ретінде қатысамын. Кездескенше!!!» деп жазды Димаш.

«Новая волна» байқауы — жыл сайынғы танымал музыка орындаушыларының халықаралық байқауы. 2001 жылдан 2014 жылға дейін Латвияның Юрмала курортында өтті. 2015 жылдан 2019 жылға дейін конкурс Сочиде өтті. Байқау идеясы композиторлар Игорь Крутой мен Раймонд Паулсқа тиесілі.

«Новая волна-2021» Сочиде 19-25 тамыз аралығында New Wave Hall-да өтеді.


Жоғары қарай