Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Димаштың бейнеклиптері танымал түрік арнасынан көрсетіле бастады

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 20:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның TMB атты музыкалық телеарнасында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің бейнебаяндары көрсетіле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің видеоларымды түрік музыка арнасынан тамашалауға болады. Бәріңізге іске сәт!» деп жазды Димаш өзінің Instagram парақшасында.

Орындаушының әндері TMB телеарнасында бір апта бойы күніне бірнеше мәрте көрсетіледі.

«Ыстанбұл уақыты бойынша 10:00-14:00-17:00 және түнгі 23:00 шамасында» деп хабарлады телеарнаның әлеуметтік желідегі ресми аккаунты.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті алғаш рет Кубаның «Canal Clave» телеарнасынан көрсетілгенін жазған болатынбыз.



Жоғары қарай