Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дінмұхамед Көшкінбаев Бибігүл Төлегенованың вокалистер байқауының бас жүлдесін жеңіп алды

2021 жылдың 12 қазан 2021 02:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Бибігүл Төлегенова атындағы XI Халықаралық вокалистер байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтандағы «Астана Опера» опера және балет театрында өтті.

Салтанатты кеште ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Оралов, елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Халықаралық вокалистер байқауының қазылар алқасының мүшелері Бибігүл Төлегенова қатысты. Байқауды өткізуге «Samruk kazyna», «Samruk-kazyna trust» компаниялары қолдау көрсетті.




Байқау қорытындысы бойынша, үшінші орын иегерлері мен лауреаттары – елордалық Дариға Мұсаева, алматылық Ораз Мұхамедияров және Алтынбек Әбілда болды. Екінші орынды ташкенттік Ұлпан Әубәкірова мен Әзиза Мұхамедова және Алматы қаласынан келген Әсел Әубәкірова иеленді. Ал бірінші орынды – Мәскеуден келген Де-Рель Габриэль, Ташкенттен келген Отабек Назаров және нұрсұлтандық Әлихан Зейнолла жеңіп алды.
















Байқаудың бас жүлдесін Алматыдан келген 24 жастағы Дінмұхамед Көшкінбаев еншіледі. Журналистермен сұхбатта Д. Көшкінбаев ән байқауына қалай қатысқанын айтты.

«Мен Алматы қаласынан келдім. Екі жыл бұрын бұл байқау Алматыда өткен еді. Сол байқауда бірінші кезеңнен өтпей қалдым. Содан кейін тағы да дайындалып, биылғы іріктеуге қатыстым. Менің оқытушым – Танагүл Бекназарова. Бірінші кезеңде төрт шығарманы орындау керек болды. Ал екінші кезеңде – екі шығарма. Халық әндерінен Ұлы Абайдың «Жарқ етпес қара көңілім» сөзіне Сыдық Мұхамеджановтың романсын және «Сұрша қызды» орындадым. Қазылар алқасының бағалауы бойынша Бас жүлде иегері атандым», - деді опера әншісі.




Өз кезегінде Бибігүл Төлегенова Дінмұхамед Көшкінбаевтың талантын жоғары бағалады.

«Құдай Көшкінбаевқа тамаша дауыс берген. Оның жоғары, ортаңғы және төменгі регистрі өте тегіс болды. Бәлкім ол музыкалық тұрғыда жетілмеген шығар, бірақ, ол алғашқы тыңдаудан бері бәрінен жоғары келді. Қазылар алқасының барлық мүшелері оған жақсы баға берді. Ол бұл бағаға лайық деп санаймын», - деді Бибігүл Төлегенова.

Сондай-ақ, «Астана Опера» опера және балет театры директорының атынан Ғалым Ахмедьяров кәсібилігін арттыру үшін Әсел Әубәкірова мен Дінмұхамед Көшкінбаевқа арнайы сертификаттар табыс етті.





Жоғары қарай