Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Дипломдық жұмыстарды жазатын көлеңкелі нарық бар – Асхат Аймағамбетов

2022 жылдың 24 мамыр 2022 14:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дипломдық жобаларға қойылатын талаптарға қатысты заңға өзгеріс енгізу мәселесі қаралып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дипломдық жұмыстардың жыл сайын қайталанатыны ешкімге жасырын емес. Бізде дипломдық жұмыстар мен жобаларды әзірлейтін көлеңкелі нарық бар. Олардың бәрі бірдей. Аталған мәселені шешу және алдын алу мақсатында біз заңға өзгерістер енгізу бастамасын көтеріп отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов ведомствода өткен аппараттық жиналыста.

Осылайша Білім және ғылым министрлігі тапсырыс бойынша диплом жазатындармен күреспек.

Бұған дейін министр биыл ЖОО-ға құжаттар бірыңғай цифрлық платформа арқылы қабылданатынын жеткізді.

Айта кетсек, алдағы оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады.

Сондай-ақ, министрліктің аппараттық жиналысында ЖОО түлектерін еңбекпен қамту жөніндегі комиссияның жұмысы сыналды.

Одан бөлек, биыл мемлекеттік гранттардың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінетіні айтылды.


Жоғары қарай