Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Дипломмен - ауылға» барған қарағандылық жастарға үй берілді

2020 жылдың 19 қараша 2020 11:50

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында «Дипломмен - ауылға» жобасы бойынша ауданға келген жас медицина мамандары тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Олар аурухананың жанында орналасқан жайлы үйден пәтер алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үш пәтерлі үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Шатыр, терезелер, едендер және есіктер ауыстырылды. Тұрғын үй орталықтандырылған жылу және су жүйесіне қосылған.

Пәтерлер жайлы тұруға арналған барлық қажеттіліктермен жабдықталған.

«Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жас мамандарға арналған үш пәтерлі үйге күрделі жөндеу жүргізілді. Ол аурухана аумағында орналасқан, сондықтан жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Қайта жөндеу жүргізудің арқасында әр пәтерлердің аумағы ұлғайтылды», - деп атап өтті Ақтоғай ауданы орталық аудандық ауруханасының директоры Сәттар Әбдіғұлов.


Жоғары қарай