Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Disney қаһармандарының қазақстандық аналогын құруды армандаймын- продюсер

2021 жылдың 23 мамыр 2021 16:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Arujan & достары» деп аталатын балаларға арналған шытырман оқиғаға толы фильм түсіріледі. Онда жасөспірімдер де кездесетін проблемалар мен оны шешу жолдары көрсетіледі. «ARUJAN PRODUCTION» бас директоры және фильмнің продюсері Жанар Жақанова ҚазАқпарат тілшісіне осы жоба туралы айтып берді.

Фильмнің басты міндеті - балаларды қаржылық сауаттылыққа, өмірдің барлық салаларында әлеуметтік бейімделуге, цифрлық кеңістіктегі заманауи тенденцияларға үйрету. Кинокартинада жасөспірімдер арасындағы өткір әлеуметтік проблема - буллинг туралы да көрсетіледі.

- Жанар, фильмге толығырақ тоқталып өтсеңіз?

- Қазақстанда пайдалы және мазмұнды балалар киносы аз. Біз фильмде жасөспірім кезіндегі балаларда кездесетін проблемаларды көрсетеміз.





Бұл бірегей таланты мен қабілеті бар бес жасөспірім туралы қызықты фильм болмақ. Олар Қазақстандық балаларға үлгі болады. Фильм қаржылық сауаттылық, IT-технологиялар сияқты тақырыптарды қозғайды, сонымен қатар бұзақылықтың өткір әлеуметтік проблемасы мен ата-аналар және жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынасты қозғайды.

Фильмнің мақсаты - олардың бизнес-идеяларын іске қосу мен насихаттаудың нақты жағдайларын көрсету, сондай-ақ қаржымен жұмыс істеу модельдері ұсынылады және бизнес-жоспар жүргізу әдістері көрсетіледі.

Сценарий бойынша біз қиял, музыкалық және комедия элементтерін енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жанр балалар мен жасөспірімдер арасында танымал.

Сондай-ақ, жоба идеясының бірі - бұл дүниежүзілік құбылыс және кинотуризмнің ең мықты драйвері еліміздің геобренді. Фильмде бас қаланың көрнекті жерлерін көрсетуді жоспарлап отырмыз. Мысалы: «ЭКСПО» дүниежүзілік көрмесі, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы. Басты кейіпкерлердің шытырман оқиғалары болатын «Бәйтерек» монументі. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, мұндай тәсіл біздің еліміздің халықаралық деңгейде танылуын арттырып, біздің елордамыз - Нұр-Сұлтанға келетін турист санын артырады.

- Түсірілім аяқталды ма?

- Қазіргі уақытта пилоттық нұсқасын түсірдік, оны кино мамандары жоғары бағалады. Қазір жобаға инвестиция тартып жатырмыз, меценаттарды, демеушілерді, серіктестерді іздестірудеміз. Сонымен қатар, қала әкіміне хат жолдадық. Түсірілім осы жазға жоспарланған, премьерасы желтоқсан айынада болады.





- Кастинг әлі жалғасуда ма?

- Қазір мұнда ауқымды кастинг өтіп жатыр. Instagram парақшамызда онлайн, жобада оффлайн режимінде өтеді. Мен «Mega Fest» фестивалі қозғалысының негізін қалаушы болғандықтан, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 21 мыңанан астам дарынды бала қатысып жатыр. Барлық тілек білдірушілер өтінімдерді белсенді түрде тастап жатыр, сонымен қатар біз фильмдерде көптеген талантты балалар қатыса алатындай етіп, еліміздің қалаларында кастинг өткізуді жоспарлап отырмыз.





– Фильмді неге осылай атадыңыз?

- Бұл қазақ қыздарының ішінде танымал есімдердің қатарында. Мен үшін бұл жай есім емес, керісінше балаларымыздың ұлттық ерекшелігінің белгісі. Аружан сенімді түрде фильмнің немесе мультфильмнің кейіпкері бола алады.

- Картинаның идеясы қалай пайда болды?

- Менің балалармен жұмыс істегеніме 15 жыл болды. Айтарлықтай тәжірбие жинадым. «ARUJAN» эстрадалық вокалы мен «Business Эрудит» Erudite балалар мектебінің негізін қалаушысымын. Кино арқылы балаларға біздің құндылықтарымызды жеткізуге болатынын түсіндім. Сондай-ақ, біздің елде танымал ән кейіпкерлері жоқ. Әсіресе, Диснейдің жобаларын көргенде мен осындай тұжырымға келдім. Қазақстандық балаларға фильмдерде де, анимацияда да өздерінің танымал кейіпкерлері қажет.





- Сіз буллинг мәселесіне де ерекше назар аудардыңыз, неге?

- Иә, бұл тақырып соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында және қоғамда белсенді түрде жазыла бастады. Буллинг - өткір проблема: әлеуметтік теңсіздік, мектептегі бұзақылық, сыныптастардың психологиялық терроры. Қазақстандағы балалардың 66% -ы осындай мәселелерге тап болады.

Фильмде осыны көрсетеміз. Картина кейіпкерлері арқылы ата-ана мен балалар өздерін көреді. Көп жағдайда балалар қиындықтармен жалғыз күреседі, қарсы тұрады. Әр түрлі себептермен ата-аналар балаларына жеткілікті түрде назар аудармайды.

- Бұл фильмнен не күтесіз?

- «ARUJAN & ДОСТАРЫ» фильмі - бұл арманға қол жеткізуге арналған шытырман жанрдағы жоспар. Ол мақсатқа жетудің нақты қадамдарын үйретеді және жасөспірімдердің қазіргі өмірін бейнелейді. Бұл ата-аналарға балаларымен болып жатқан процестерді түсінуге арналған әдістемелік ұсыныс болады деп сенеміз. Жас ұрпаққа дені сау ұлттың құндылықтарын қалыптастыру үшін дұрыс мазмұн қажет болғандықтан, біз жобамызға сенеміз!





- Рахмет!


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Мәдениет,
Жоғары қарай