Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Дмитрий Баландин АҚШ-тағы чемпионатта «күміс» алды

2019 жылдың 9 желтоқсан 2019 11:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-та жүзуден ашық чемпионат аяқталды. Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан үшін жүлдені Дмитрий Баландин жеңіп алды. Қазақстандық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуде 2:09.71 уақытын көрсетті. Бұл, турнирдің «күміс» медалін иеленуге мүмкіндік берді. Жеңімпаз спортшы – америкалық Коди Миллер болды (2:09.67). «Қоланы» оның отандасы Эндрю Уилсон иеленді (2:10.10).

Еске салсақ, Олимпиада чемпионы Баландин Америкада «алтын» алғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай