Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дмитрий Баландин Champions Swim Series жарысында қола жүлдегер атанды

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 10:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шеньчжэнде (Қытай) халықаралық жүзу федерациясының (FINA) Champions Swim Series жарысының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған додада қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды.

Ол 100 м қашықтықты 1:00.55 ішінде жүзіп өтті.

Жарыс нәтижесінде Арно Камминга (Нидерланды) 100 метрді 58.61 минутта бағындырып, жеңімпаз атанды. 59.02 нәтижесімен күмісті Зибей Ян жеңіп алды.

Бүгін, 15 қаңтар күні Баландин 200 м қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша сынға түседі.

Дәл осы дистанцияда 2015 жылғы әлем чемпионы Маркус Кох (Германия), Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланды) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері америкалық Джон Прено қатысады.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай