Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дмитрий Баландин Қытайда екінші «қола» иеленді

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 19:55

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Баландин Қытайдың Шеньчжэнь қаласында өтіп жатқан Champion Swim Series турнирінің екінші жарыс күнінде брасс әдісімен 200 метрге жүзуде 2:13.58 нәтиже көрсетіп, үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Бірінші және екінші орындар нидерландылық Арно Камминга (2:09.00) мен неміс Маркусу Кохқа (2:09.81) бұйырды.

Champion Swim Series Халықаралық су спорты түрлері федерациясының (FINA) турнирі және Шеньчжэнь қаласында оның бірінші кезеңі өтуде. Жалпы жүлде қоры 1,2 млн долларды құрайды.

Champion Swim Series турнирінің екінші кезеңі 18-19 қаңтар күндері Бейжіңде өтеді.

Бұған дейін, қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин брасс әдісімен 100 метрге жүзуден 1:00.55 нәтижесін көрсетіп, «қола» иеленген болатын.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай