Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Доллар бағамы қымбаттап, 432 теңгеден асты

2021 жылдың 23 қараша 2021 12:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 22 қараша кешімен салыстырғанда 0,55 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 432,16 теңге болды.

Ұлттық банктің 22 қарашадағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 431,58 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 433,77 теңгеден сатылса, сатып алу – 435, 05 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 433,81 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 435, 18 теңге.


Жоғары қарай