Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дональд Трамп пен оның әйелі коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 2 қазан 2020 11:58

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның зайыбы Мелания коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Трамп өзінің және зайыбының COVID-19 жұқтырғаны туралы жаңалықты Twitter-дегі ресми парақшасында жұма күні растады.

«Бүгін кешке АҚШ-тың бірінші ханымы және мен коронавирусқа тест тапсырдық. Ол оң нәтиже көрсетті. Біз дереу карантинге шығып, ем қабылдауды бастап кеттік. Біз бұны бірге еңсереміз!» - деп жазды президент Twitter -де.

CNN-нің хабарлауынша, бұған дейін АҚШ президенті әлеуметтік желіде өзінің кеңесшісі Хоуп Хикстен коронавирус анықталғаннан кейін зайыбы екеуінің карантинге кететінін жазған болатын.

«Үзіліссіз көп жұмыс істеген Хоуп Хикстің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже берді. Енді тапсырған тестің нәтижесін күтеміз. Осы уақыт аралығында біз карантин талаптарын сақтайтын боламыз», - деді Трамп.

Хоуп Хикс Дональд Трамппен бірге көптеген сапарда, соның ішінде сейсенбі күні Кливлендке президенттік пікірсайысқа қатысу үшін барған сапарында бірге жүрді. CNN сол күні АҚШ президентінің тікұшағына отырғызу кезінде Хиксте де, Ақ үй басшысының өзге де кеңесшілерінде маска болмағанын хабарлаған болатын.

Хикстің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткені туралы ақпаратты бірінші болып Bloomberg жаңалықтар агенттігі хабарлады.


Басты сөздер: Әлем, Америка, АҚШ, Коронавирус,
Жоғары қарай