Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясы Қазақстанның төрағалығымен өтеді

2021 жылдың 12 тамыз 2021 14:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 30 қараша - 3 желтоқсан аралығында Женевада Қазақстан Республикасының төрағалығымен ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясы өтеді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ДСҰ Бас кеңесінің шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясының төрағасы болып сайланды.

Министрлік конференция ДСҰ-ның жоғары басқарушы органы болып саналады, оның құзыретіне көпжақты сауда келісімдері аясындағы барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, оның ішінде халықаралық сауданы реттейтін жаңа ережелер мен дисциплиналарды келісу және бекіту құқығы кіреді.

ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясында ДСҰ мүшелері талқылайтын негізгі мәселелері ретінде мыналар белгіленді:

1) барлық елдер үшін вакциналар мен медициналық тауарларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

2) балық аулауды субсидиялау жөніндегі келіссөздердің аяқталуы;

3) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі келіссөздер бойынша прогреске қол жеткізу;

4) ДСҰ-ның дауларды шешу тетігін қалпына келтіру.


Жоғары қарай