
Референдумда келер ұрпақтың да тағдырына әсер ететін келелі шешімдер қабылданады - Досаев
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 5 маусымда өтетін республикалық референдум – соңғы 27 жыл ішінде тұңғыш рет өткізілетін, тарихи мәні зор, ел өміріндегі елеулі оқиға. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын арнайы комиссия тексереді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына арнайы комиссия тексеріс жүргізеді. Бұл туралы агенттік тілшісінің сауалына Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының берген жауабында айтылды.

1700 км жаяу жүріп өткен қарт саяхатшы Алматыға жетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлытаудың 72 жастағы тұрғыны Сәрсенбай Қотырашов бүкіл Қазақстанды жаяу аралап шығу ниетімен сапарға шыққан. Бүгін ол 1 700 шақырымды артқа тастап, Алматыға жетті. Бұл - оның жоспарлы бағытындағы 17 қаланың бесіншісі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы тұрғындары «Никольский» базарының қазіргі жағдайына алаңдап отыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтар «Никольский» базарының орнына басқа ғимарат салынар болса, құзырлы мекемелер жауап беріп, қоғамдық тыңдауды өткізуді талап етті. Бұл туралы қала белсенділері әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соғыс ардагері Леонид Гирш туралы деректі фильм жарыққа шықпақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, ақын, жазушы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болған марқұм Леонид Гирш туралы деректі фильм жарыққа шықпақ. Бұл туралы Алматыдағы «Достық үйінде» өткен «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты мерекелік жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 100-ші жеке атқыштар бригадасы туралы кітаптың тұсауы кесілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Найля Такижбаеваның «100-ші жеке атқыштар бригадасы» атты кітабының тұсауы кесілді. Автордың айтуынша, 100-ші жеке атқыштар бригадасы 1941 жылы желтоқсан айында Алматы қаласында құрылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ халқының көңілінің кеңдігінің арқасында басқа ұлт өкілдері тату өмір сүріп жатыр - Асылы Осман
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Береке бірлігі жарасқан Қазақстан өзге елдерге шын мәнінде үлгі бола алады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Парасат» орденінің және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Осман айтып берді.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай