Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

2021 жылдың 12 сәуір 2021 00:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 12 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігіне жоғарғы қысым аумағы ықпал етуіне байланысты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік, оңтүстік-батыста найзағай, шаңды дауыл болады, оңтүстікте бұршақ күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, жел шаңды дауылмен 15-20, желдің екпіні 23 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай күтіледі, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең екпіні 25 м/с болады.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз найзағай күтіледі, жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашол аумағында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай