Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді

2019 жылдың 30 шілде 2019 20:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тайбэйде дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткендей, құрлық біріншілігіне 21 елден 170 дзюдошы қатысып, бақ сынады. Чемпионат қорытындысында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 9 қола медальмен (барлығы 13) үздік үштікті түйіндеді.

Жапония 10 (6 алтын, 1 күміс, 3 қола) медальмен көш бастаса, Оңтүстік Корея 10 (3 алтын, 1 күміс, 6 қола) жүлдемен екінші орынға көтерілді.

Ел құрамасынан Мөлдір Нарынова (70 кг) чемпион атанса, Ғалия Тынбаева (48 кг), Ақжол Қайыпхан (52 кг), Меруерт Сәрсенова (57 кг) күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Ақмарал Науатбек (48 кг), Саёра Мырзахметова (63 кг), Маргарита Гриценко (78 кг), Дамир Болатбеков (60 кг), Ермек Амангелді (66 кг ), Айбар Мұқашев (73 кг ), Нұрбек Ортай (81 кг), Бекарыс Сәдуақас (-100 кг), Бибарыс Әбдіғани (+100 кг) үшінші орынға ілікті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жастардың құрлық біріншілігі алғашқы күні 3 күміс, 4 қола алған, ал Мөлдір Нарынова Азия чемпионы атанған болатын.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай