Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дзюдошы Карина Тәкиева жастар арасында Азия чемпионы атанды

2021 жылдың 6 желтоқсан 2021 10:44

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстандық дзюдошы Карина Тәкиева Ливан астанасы Бейрутта дзюдодан мәреге жеткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім еткеніндей, Карина аса ауыр салмақта (+78 кг) топ жарды.

Карина Русланқызы 2003 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Дзюдо әліппесін жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резерві мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы Азамат Қапсатовтан үйренді.

Қазіргі кезде Алматыдағы республикалық спорт колледжінің 2 курс студенті. Бапкері – Жайдар Сайлаубаев.

2021 жыл Карина үшін табысты жыл болды. ҚР V жастар спорт ойындары мен 23 жасқа дейінгілер арасында ел біріншілігінде күміс жүлдемен марапатталса, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында үздік үштікке ілікті.

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметіне қарағанда, жарыстың соңғы күні сондай-ақ Максим Мейірлан 81 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.




Осылайша Қазақстан жастар ұлдар құрамасы (аға жаттықтырушылары Азамат Мұқанов пен Айбек Имашев) Азия чемпионатын 2 алтын, 1 қола, қыздар (аға бапкерлер Хатип Арсен, Нұрбек Мықтыбеков) 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен аяқтады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстанның 4 медаль алғанын жазған болатынбыз.



Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай