Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ЕАДБ 2026 жылға дейін Қазақстан экономикасына 3, 9 млрд доллар инвестиция салуға ниетті

2022 жылдың 26 қаңтар 2022 19:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңірлерді, өңдеу өнеркәсібін, қалалар инфрақұрылымын және елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған жобалар бойынша Еуразиялық даму банкімен ынтымақтастыққа мүдделі, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Министрге Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) жұмыс нәтижелері және орта мерзімді жоспарлары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, ЕАДБ-ның 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған өнеркәсіп және көлік инфрақұрылымы саласында іске асырылған және ағымдағы бірлескен жобалар талқыланды.

Николай Подгузов ЕАДБ сарапшылары Қазақстанның экономикалық өсім қарқыны жоғары болатынын болжап отырғанын айтты. Осыған байланысты Банк «Солтүстік – Оңтүстік», «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәліздерін қалыптастыруға, тауар өткізетін бірыңғай тауар желісін құруға және Орталық Азияның су-энергетикалық кешенін жаңғыртуға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыруға мүдделі болып отыр. Жалпы ЕАДБ 2026 жылға дейін Қазақстан экономикасына кемінде 3,9 млрд доллар инвестиция салуға ниетті.




Еліміздің инфрақұрылымдық нысандарын дамытудағы Банктің белсенді рөлін атап өткен Министр өңдеу өнеркәсібі, қалалар инфрақұрылымы саласындағы жобаларды іске асырудың және елдің көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті

ЕАДБ-ға Ақтау және Павлодар қалаларында 53 өңірлік кәріз тазарту жүйесін салу және реконструкциялау, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін кешенді жаңғырту сияқты республика үшін өзекті жобаларға қатысу ұсынылды.



Жоғары қарай