Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ЕАЭО аумағында электронды ПТС жүйесіне көшу шарасы 2021 жылға қалды

2020 жылдың 14 қазан 2020 02:15

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – ЕЭК алқасы көлік құралдарының электронды паспорт жүйесіне көшу шарасын 2021 жылдың 31 наурызына қалдырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Мәскеудегі меншікті тілшісі.

Комиссияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім Еуразиялық экономикалық одақтың Беларусь, Қазақстан және Ресей сияқты үш мүшесіне қатысты.

Айта кетейік, осыған дейін ЕАЭО елдері көлік құралдарының электроны паспорт жүйесіне көшу шарасын 2019 жылдың қарашасына жоспарланған болатын. Көлік құралының бірыңғай формасын енгізу туралы келісімге 2014 жылдың 15 тамызында Қазақстан, Беларусь, Ресей мемлекеттері қол қойып, кейінірек оған Армения мен Қырғызстан қосылды.

Ал Ресейде жаңа жүйеге көшу жұмыстары іс жүзінде аяқталуға таяу. ЕАЭО елдерінде шыққан көлік құралдары 2 қарашадан бастап, Ресейде мемлекеттік тіркеуден өтетін кезде электронды ПТС жүйесіне қосылған болуы керек.

Электронды ПТС дегеніміз көлік құралы туралы барлық мәліметтер жинақталған кешенді құжат.

Электронды ПТС жүйесіне толыққанды қосылу мемлекеттердің аумағында еркін жүруіне, азаматтардың көліктерін тіркеуіне қолайлы жағдай тудырып, жүйеге қатысушылардың техникасының жағдайын бақылап отыруға, ал ЕАЭО кеңістігіндегі мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйедегі нақтыланған мәліметтер базасын қолдануға мүмкіндік береді.

Нарымбек Ысмағұлов


Жоғары қарай