Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ЕАЭО аясындағы кедергілердің 80 пайызы жойылды - ҚР Президенті

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 19:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы кедергілердің 80 пайызы жойылды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интеграциялық процестерді тереңдетудің маңызды мәселелерінің бірі – кедергілерді, шектеулер мен алымдарды кезең-кезеңімен жою. Бұл тұрғыда оң ілгерілеушілік бар. 2016 жылдан бері Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында болған 68 кедергінің 54-і немесе 80 пайызы жойылды. Осы жылдың ақпанында әріптестер маңызды құжаттардың бірін – кедергілерді жіктеу әдістемесін бекітті. Ендігі уақытта кедергілерді жіктеу процесін қарау бинеске түсінікті нысанда регламенттелген. Ең бастысы - көңілге қонымды уақытта»,- деді ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев осымен тоқтап қалмай алдағы уақытта да кедергілерді жоюға бағытталған жұмысты жүргізу маңыздылығын атап өтті.


Жоғары қарай