Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ЕАЭО елдерінің жалпы ішкі өнімі 4,5 пайызға өсті – Президент

2021 жылдың 14 қазан 2021 17:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жалпы ішкі өнімі 2021 жылдың 6 айында 4,5 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Одақ мемлекеттері экономикасының біртіндеп қалыпқа түсіп келе жатқандығы да қуантады. Еуразиялық экономикалық комиссия мәліметтеріне сәйкес, осы жылдың бірінші жартыжылдығында одақ елдерінің жалпы ішкі өнімінің өсімі 4,5 пайызды құрады. Жиынтық жалпы ішкі өнім 900 млрд долларға жуықтап қалды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.

Дегенмен, Қазақстан Президенті мұндай жетістіктердің бар екендігіне қарамастан сыртқы тәуекелдер мен белгісіздік факторы әлі де жоғары қалып отырғандығын баса айтты.


Жоғары қарай