Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ЕАЭО-ның Бірыңғай тізбесіне енгізілмеген өнімдерді реттейтін заң қабылданды

2021 жылдың 15 сәуір 2021 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда Сенат депутаттары «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарап, қабылдады.

Осы Келісім арқылы міндетті талаптарды белгілейтін ЕАЭО-ның Бірыңғай тізбесіне енгізілмеген өнімдермен қатар аталған тізбеге енгізілген, бірақ Одақтың оларға қатысты техникалық тәртібі қабылданбаған немесе әлі күшіне енбеген өнімдердің де айналым тәртібі анықталады. Қазіргі таңда мұндай өнімдердің көлемі 15 пайыздан кем емес.

Аталған өнімдердің қауіпсіздігін ЕАЭО заңнамасына сәйкес өнімді өндіретін және жеткізетін жеке кәсіпкерлер, оның ішінде дайындаушылар, сатушылар және импорттаушылар қамтамасыз етеді. Осы ретте Келісім бизнес үшін ешқандай әкімшілік кедергілер тудырмайтынын атап өткен жөн.

«Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық процестердің, тауарлардың, қызметтердің және капиталдың бірыңғай нарығын қалыптастыру үшін техникалық реттеу саласында біркелкі қағидаларды бекіту аса маңызды. Бұл Одаққа мүше елдердің кәсіпкерлеріне тең жағдай жасау және адал бәсекелестікті қалыптастыру үшін қажет. Сонымен қатар, тұтынушылар үшін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету де маңызды екені сөзсіз. Сондықтан бүгін қабылданған заң өнімдердің бірыңғай тізбесіне енгізілмеген, Одақтың техникалық регламеттерімен реттелмейтін тауарлардың айналым тәртібін белгілейді. Соның нәтижесінде тұтыну нарығындағы бір топ тауардың қауіпсіздігін күшейтетін құқықтық негіз қалыптасады», – деді Мәулен Әшімбаев.


Басты сөздер: Парламент, Сенат, Заң,
Жоғары қарай