Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ЕЭК Кеңесінде кедендік және техникалық реттеу мәселелері талқыланды

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 21:22

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов Арменияның Ереван қаласында өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЕЭК Кеңесінің мүшелері ішкі нарықтардың жұмыс істеуі, халықаралық ынтымақтастық, кедендік және техникалық реттеу, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сандық күн тәртібі, санитарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану мәселелерін талқылады.

Еуразиялық экономикалық комиссияның тауарлар мен қызметтердің бірыңғай нарығын құруға кедергі келтіретін ЕАЭО ішкі нарығындағы шектеулер мен кедергілерді жою бойынша жұмыстардың барысы туралы ақпараты тыңдалды», - делінген ҚР Қаржы министрлігі таратқан хабарламада.

Мәлім етілгендей, ЕАЭО сандық күн тәртібін іске асыру шеңберінде ЕАЭО және ЕЭК мүше мемлекеттердің құзыреттілік орталықтарының өзара іс-қимыл тәртібі мақұлданды.

«Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді. Оны биылғы 25 қазанда Мәскеу қаласында өткізу жоспарланып отыр. ЕЭК Кеңесі орта мерзімді перспективаға ЕАЭО негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын анықтайтын құжатты дайындауды тапсырды. Шикізат пен қосалқы бөлшектердің жекелеген түрлеріне импорттық кеден бажын уақытша төмендету бойынша бірқатар шешімдер қабылданды», - деді министрліктен.

Жоғары қарай