Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Егіндікөл ауданына жаңа әкім тағайындалды

2021 жылдың 16 сәуір 2021 21:52

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Ерлан Қыздарбекұлы Мұхамедин Егіндікөл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Ерлан Қыздарбекұлы 1980 жылы Қорғалжын ауданында дүниеге келген. Жоғары білімі, магистр дәрежесі бар. Алғашқы еңбек жолын Шортанды ауданы бойынша салық комитеті ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары Шортанды ауданы бойынша аудит, салық төлеушілермен жұмыс жүргізу, салықтық әкімшілендіру, салықтық тіркеу, салық есебін қабылдау және пысықтау, кәсіпкерлік бөлімдерінің жетекші және бас маманы, бөлім басшысы, аудан әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.

Жаңа қызметке тағайындалға дейін Шортанды ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болды.


Жоғары қарай