Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Егіс науқанын жүргізуге 2,5 млн тонна тұқым дайындалды - Сапархан Омаров

2020 жылдың 26 мамыр 2020 09:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары репродукциялы тұқымдар 99 пайызды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың астығына республика бойынша егіс науқанын жүргізу үшін 2,5 млн тонна тұқым дайындалды, бұл тұқымдық материалға деген қажеттілікті толық қамтамасыз етеді. Бүгінде барлық тұқымдар тексерілді, олар 100 пайызға кондицияға сәйкес келеді», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жоғары репродукциялы тұқымдар 99 пайызды құрады. Оның ішінде

1-2-сыныпты егіс стандартына 1,2 млн тонна кондициялық тұқымдар,

3-сыныбына 400 мың тонна сәйкес келеді.

«Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарына осы бағыттағы жұмысты күшейту керек», - деп тоқталды С. Омаров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн гектар алаңға егу жоспарлануда, бұл 2019 жылғы деңгейден 238 мың гектарға көп. Дәнді дақылдар алаңы 14,9 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 191,6 мың гектарға кем.


Жоғары қарай