Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Екатеринбор-Алматы» тасжолында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

2021 жылдың 11 мамыр 2021 20:28

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Төңкеріс ауылының тұрғыны хабарласып, Алтынсарин ауылы маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткенін, зардап шегушінің жағдайы ауыр екенін айтты.

«Анықталғандай, «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 1241-ші шақырымында «Subaru Forester» маркалы автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жолды кесіп өтпек болған жаяу адамды қағып кетті. Зардап шеккен Алтынсарин ауылының 25 жастағы тұрғыны», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты көлік жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 33 жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұдан 3 адам қаза тауып, 32 адам жарақтанды. Оның ішінде 7 жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің кінәсінен болып отыр.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай