Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екі адамды қағып өлтірген 90 жастағы экс-шенеунікке тағайындалған түрме жазасы аяқталды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 19:10

ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат – 2019 жылы Токиода адам өлімімен аяқталған жол апаты үшін сотталған 90 жастағы бұрынғы жоғары шенді шенеуніктің бес жылдық түрме жазасы жұма күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Сот үкімі бойынша, 2019 жылғы 19 сәуірдеТокиодағы Икебукуро ауданында Кодзо Иидзуканың тежегішті газ педалімен шатастырып алып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, жаяу жүргіншілер өткелінде велосипедпен келе жатқан 31 жастағы Ману Мацунагу мен оның 3 жасар қызы Риконы қағып өлтірген. Оқиға салдарынан тағы тоғыз адам жарақат алды.

Енді прокуратура өздігінен жүре алмайтын, мүгедектер арбасына таңылған Иидзуканың жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, темір тордың ар жағында уақыт өткізетінін-өткізбейтінін зерттейді.

Жапонияның Қылмыстық іс жүргізу заңы 70 жастан асқан сотталғандарға, сондай -ақ денсаулығына елеулі зиян келтіру немесе өлім қаупімен бетпе -бет келгендерге жазаны тоқтата тұруға мүмкіндік береді.

Иизука оған тағылған айып бойынша кінәсін мойындаған жоқ. Ол көлік құралындағы механикалық проблемаға байланысты көлікті басқара алмай қалғанын мәлім еткен.

Алайда, сот оның газ педалін тежегіш деп шатастырып, оны шамамен 10 секунд басып тұрғанын, салдарынан көліктің жылдамдығы 96 км/сағ-қа жеткенін анықтады. Ол өлімге әкелген жол апаты үшін кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ сот Иидзуканың жасын ескере отырып, бес жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдаған болатын.

Басты сөздер: Көлік, Түрме, Оқиға, Жапония,
Жоғары қарай