Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Екі канадалық ұлттық лотереядан 3,8 млн доллар  ұтты

2019 жылдың 21 қазан 2019 06:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық лотереяның 5 миллион канадалық доллар көлеміндегі ($3,8 млн) джекпотын ұтқан екі Канада тұрғыны бұл ақшаны теңдей бөліп алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы жексенбіде ұтыс ойынын өткізетін OLG компаниясының өкілдері мәлім етті.

« Түскен нөмірлер - 2, 16, 28, 47, 48 және 49. Бонус-саны - 35», -деп нақтылады ұйымдастырушылар. Қазіргі уақытта белгілі болғандай, ұтыс билетінің біреуі Онтарио провинциясында сатылған, екіншісі - Квебек провинциясында.

Бұдан басқа, бір миллион канадалық доллар көлемінде ($760 тыс.) жұбаныш жүлдесі ойнатылған. Ол Канаданың батыстағы провинцияларының бірінің тұрғынына бұйырды.

Ұлттық лотереяның ережесіне сәйкес, сыйлықты алу үшін ұтыс иесі билетін ұйымдастырушыларға міндетті түрде көрсетуі тиіс, ал жеңімпаздың кім екендігі жұртшылыққа айтылуы керек. Бұл жолғы ұтыс екі ойыншыға теңдей бөлініп беріледі.
Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай