Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екі қазақстандық пара таеквондошы Токио жолдамасын иеленді

2021 жылдың 24 мамыр 2021 17:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық пара таеквондошылар Токио-2020 ойындарына тағы 2 жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық паралимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қуанышты хабар Иордания астанасында өтіп жатқан Азия квалификациялық жарысынан келіп жетті. Ол жерде қазақстандық паралимпиадашылар Нышан Өмірәлі ерлер арасында 75 келіде және Кәмила Ақылбай әйелдер арасында 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, жолдамаға ие болды. Әдеттегі жарыстарда К-43 санатында өнер көрсетіп жүрген қос спортшымыз да Токиода паралимпиада ойындарының ережелеріне сай К-44 санатында бақ сынамақ», делінген комитеттің хабарламасында.







Еске сала кетсек, былтыр қаңтар айында паралимпиадашылар арасында ең алғашқы болып жолдамаға иеленген пара таеквондошы Нұрлан Домбаев еді. Жалпы есепте Токиода 3 пара таеквондошымыз бақ сынамақ.


Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай