Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екі облыста коронавирус табылған мектептер мен балабақшалар карантинге жабылды

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 16:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екі өңірдегі мектептер мен балабақшалардан анықталған коронавирусқа байланысты аталмыш әлеуметтік нысандар карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның екі облысының білім ордаларында кезекші сыныптар мен балабақшалардағы кезекші топта коронавирус инфекциясы анықталды. Барлығы - 16 бала. Оқу ордаларының бәрі де карантинге жабылды», - деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған балалармен қарым-қатынаста болған ата-аналар мен мұғалімдер үй карантиніне жатқызылған.

«14 күн өткеннен кейін аталмыш білім ордалары мен балабақшаларда өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге балаларды қайтадан тексереміз. Балалар ауруды жеңіл түрде өткеріп жатыр. Көбінде дене қызуы да байқалған жоқ. Кейбірінде жөтел, кейбірінде аурудың басқа да жеңіл түрлері анықталды. Жалпы жағдайлары жақсы. Бәрі де үйінде. Олар қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Дәрігерлердің бақылауында», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бағдат Қожахметов Солтүстік Қазақстандағы мектептерде оқушылардың коронавирус жұқтырып алғанын хабарлаған болатын.


Жоғары қарай