Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екібастұз қаласын дамыту бағдарламасы: Жаңа электр стансасы салынады

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 11:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екібастұздағы индустриялық аймақты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жаңа электр стансасы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында мәлім етті.

«Үшінші жоба туралы айтатын болсақ, қуаты 500 киловольт болатын жаңа кіші станция салу қарастырылған. Екібастұз қаласының индустриялық аймағын электрмен жабдықтау екі жаңа электр беру желісін салу жолымен жүзеге асырылатын болады. Жобаны іске асырушы – «KEGOC» акционерлік қоғамы. Бұл жоба индустриялық аймақ тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылуда. Жобаның болжамды құны шамамен 16 млрд теңгені құрайды», - дейді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жоба 2025 жылы аяқталуға тиіс.

«Бүгінгі таңда «KEGOC» мекемесінің тапсырысымен техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы негіздемені 2022 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарланған», - деді Энергетика министрі.


Жоғары қарай