Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екібастұзда екі бірдей энергетикалық блок салынады – Үкімет отырысы

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 09:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында екі бірдей энергетикалық блок салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты.

«Энергетика саласында жалпы қуаты 1136 МВТ болатын 2 энергоблок салынады.

Кәсіпкерлікті дамыту үшін «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдарламалары шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар беру жоспарланып отыр.

Өнеркәсіпте 400 гектарға индустриялық аймақ құру, ферроқорытпалар, техникалық кремний, металлургиялық көмір электродтары, темір жол үшін соғылған бұйымдар бойынша зауыттар салу көзделген», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, қалада көмір өндірудің автоконвейерлік технологиясына көшу көзделіп отыр.

«Агроөнеркәсіптік кешенде жылы жайлар аумағы 30 гектардан 60 гектарға дейін кеңейтіледі, нан-тоқаш және макарон өнімдері, 2 бордақылау алаңы өндірісі бойынша кешендер салынады, сондай-ақ су армалы жерлер 10 мың гектарға ұлғаяды», - деді министр.


Жоғары қарай