Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Екібастұзда отын-энергетика кешеніне кадр даярлайтын орталық ашылды

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 21:34

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Екібастұзда отын-энергетика кешеніне кадр даярлайтын өңіраралық орталық ашылды. Оқу ордасының ашылу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу орталығының құрылысы 2009 жылы басталған болатын. Алайда, кешеннің жертөлелерін жерасты суы басып қалды. Кейін мердігерге қатысты проблема болды. Осының салдарынан құрылыс тоқтады. Тек, соңғы бірнеше жылдың ішінде ғана жұмыс алға баса бастады. Орталықтың құрылысын жандандыру үшін облыстық бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Енді, міне кешен құрылысы да аяқталды.




«Үкіметтің қолдауының нәтижесінде орталық құрылысын ойдағыдай аяқтадық. Бүгінде біздің өңірде кадр тапшылығы бар және бұл тек отын-энергетика кешеніне ғана қатысты емес. Болашақта бұл жерден білікті мамандар мен басшылар тәрбиеленіп шығады деген сенімдеміз», – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ашылу рәсімінде

Отын-энергетика кешеніне кадр даярлайтын өңіраралық орталық 13 корпустан тұрады. Мұнда 480 орындық жатақхана, 100 орындық қонақ үй, асхана, спорт зал, акт залы бар. Орталықтағы оқу процесі техникалық ағылшын тілінде де жүргізілетін болады. 200 жаңа жұмыс орны ашылады.




«Оқу орталығының мәртебесі тиісті лицензияны алғаннан кейін айқындалатын болады. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ оқу орталығына оқытушылар құрамын таңдау бойынша да жұмыстар жүргізілуде», - деді облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жомарт Қарамбаев.




Оқу орталығы жаңа жылдан бастап жұмысын бастайды.























Басты сөздер: Павлодар облысы, Білім, Жастар,
Жоғары қарай