Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екібастұзда жолаушылар автобусы 8 жасар баланы қағып кетті

2021 жылдың 26 қараша 2021 09:45

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Павлодар облысында жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер жолағында 8 жасар қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 25 қараша күні сағат 14:42-де музыкалық мектепке қарсы жолда «Вольво» маркалы №6 маршруттық автобусының 40 жастағы жүргізушісі 2013 жылы туған қыз баланы қағып кетті. Оқушы жолды реттелетін жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған зардап шегуші жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - делінген ПД хабарламасында.

Автобус арнайы айыптұрағына қойылды. Тексеру жүргізіліп жатыр.


Жоғары қарай