Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екібастұзды дамытуға 932,8 млрд теңге жұмсалады

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 09:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет отырысында Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, қаланың дамытуға алдағы үш жылда 932,8 млрд теңге жұмсалмақ.

«Кешенді жоспар инвестициялық жобаларды іске асыруды, тұрғын үй инфарқұрылымын, әлеуметтік саланы дамытуды, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экологиялық мәселелерді жақсартуды көздейтін 114 іс-шарадан тұрады.

Жоспарды іске асыратын инвестициялардың жалпы сомасы 932,8 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 64,7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 33,5 млрд теңге, жеке инвестициялар 834,6 млрд теңге», - деді министр.

Оның айтуына қарағанда, қарастырылып отырған соманы негізгі бөлігі экономикалық салаларға бағытталмақ.

«Жалпы сомасы 822,3 млрд теңгеге қаланың экономикасын дамыту үшін өнеркәсіпті, агроөнеркәсіптік кешенді, энергетиканы, сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 35 іс-шараны іске асыру көзделген», - деді Әсет Ерғалиев.


Жоғары қарай