Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Экочеллендж: Ақтөбеде әкім бастаған топ өзендерді қоқыстан тазартты

2019 жылдың 25 шілде 2019 16:11

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Бірге – таза Қазақстан» акциясын ақтөбеліктер де қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов пен шаһар басшысы Мавр Абдуллин, қала тұрғындары, депутаттар, қоғамдық бірлестіктер, студенттер және блогерлер экочелленджге қатысты. Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева мен «Konrad Adenauer» қоры Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм қала тұрғындарымен бірге болды.




«Сіздерге облыс әкімі тарапынан ризашылығымызды білдіреміз. Бірнеше күн бұрын «Бірге – таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық шараға қатысуға ақтөбеліктерге үндеу жасадық. Жоспар бойынша 300-400 адам жиналуы керек еді. Есептеуіміз бойынша, 5 мыңнан асам ақтөбелік экочелленджге келіп, демалыс күндері табиғатымызды тазалауға өз үлесін қосуға ниет білдірді», - деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

Ал бүгінгі экологиялық шараға 700 ақтөбелік қатысты. Олар «Тау» демалыс базасы айналасынан шамамен 40 тонна қоқыс шығарды. Әсіресе, мұздай суды кешуден қорықпаған «Подиум» модель агенттігінің басшысы Әсел Дилитдинова ерекше көзге түсті. Өзен ортасына барып, пластик бөтелкелерді жинаған ол басқаларға да үлгі болды.




Сондай-ақ, қалалық әкімдіктің қызметкерлері де ерекше белсенділік танытты. Олар сырт киімдерін шешіп, өзен ортасында жиналған қоқысты жинады.




«Сенбі сайын сенбіліктер өтіп тұрады. Арнайы кесте жасалды. Бұл акцияны тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, барлық қазақстандықтар болып қолдауымыз керек. Ақтөбеліктер табиғатты таза ұстайтын болса, ұрпаққа қалдырар таза суымыз бен ауамыз болады. Барлық тұрғындарды шараны қолдауға шақырамын», - деді қала әкімі Мавр Абдуллин.










Жоғары қарай