Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Экология министрі қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырды

2020 жылдың 9 шілде 2020 11:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Бұл салада өзінің білімі мен тәжірибесін, кәсібіне деген құрметті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан отбасылық еңбек әулеті көптеп табылады. Сала ардагерлері мен мамандарға адал еңбектері үшін ризашылық білдіргім келеді», - деп жазды М. Мырзағалиев Twitter-дегі өз парақшасында.

Сонымен бірге, министр мемлекет су шаруашылығын дамытуға баса назар аударатынын атап өтті.

«Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарлама әзірленіп, маңызды міндеттер іске асырылуда. Саланың барша қызметкерлеріне зор денсаулық, шаңырақтарына береке, жұмыстарына табыс тілеймін! Қазақстандықтарды суды үнемдеуге шақырамын!», - деді министр.














Жоғары қарай