Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Экология министрі қорық аумағынан уран өндіру жобасы туралы пікір білдірді

2021 жылдың 14 маусым 2021 12:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресрурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағының аумағында уран өндіру жобасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жерде әңгіме нақты қорық туралы емес. Жоба Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағының аумағында жоспарланған. Оны «ҚазАтомӨнеркәсіптің» бірлескен кәсіпорны қолға алып жатыр. Нақты кіммен бірлескен кәсіпорны екені есімде жоқ. Қытай болуы да мүмкін. Өйткені екі елдің бірлескен кәсіпорындары бар. Қазір нақты жоба жоқ. Ол жоба біздің экология департаментінің қарауына келіп түседі. Сол кезде бұл мәселені жеке қарауға болады деп ойлаймын», - деп қысқа қайырды министр.

Аталмыш кездесуде Мағзұм Мырзағалиев Көбейтұздың суы мен тұзы адам ағзасына қауіп төндіруі мүмкін деген болжам айтты.

«Көбейтұзда былтыр аудандық әкімдік кордон қойған. Одан әрі қарай көлікпен өтуге болмайды. Екіншіден, тағы қайталап айтам, көлге бару адамдардың денсаулығына қауіпсіз емес», - деді Экология, геология және табиғи ресрурстар министрі.


Жоғары қарай