Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Экология министрі: Президент жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды

2020 жылдың 4 қазан 2020 17:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 қазанда Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында жануарларлардың адам алдында қаншалықты қорғансыз екенін еске салды.

«Өкінішке қарай, жануарларға жасалатын қатыгездік, браконьерлік оқиғаларына жиі куә боламыз. Жағдайды өзгерту үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология министрлігіне «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын әзірлеуді тапсырды»,- деді министр.

Министр адамгершілік сезімін қалыптастырудың аса маңызды екенін жеткізді.

«Әрине, заң жануарларға деген көзқарасты бір сәтте өзгерте салмайды. Бәрінен бұрын адамдарға жануарлар әлеміне деген махаббат, ізгілік сезімлерін ұялатып, қоршаған ортаны саналы түрде қабылдауға үйрету керек»,- дейді М. Мырзағалиев.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні Қазақстанда 2009 жылдан бері аталып өтеді.


Жоғары қарай