Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Экология министрлігі алдағы он жылда қалдық көлемін 50 пайызға азайтпақ

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 21:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің жаңа экологиялық кодексіне сәйкес алдағы уақытта өңір әкімдіктері қоршаған ортаны жақсартуға қатысты көрсеткіштерді алдын ала бекітеді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарта түсудің бір амалы өнеркәсіпте үздік қолжетімді технологияларды енгізу. Жаңа экологиялық кодекске сәйкес, 2025 жылдан бастап үздік қолжетімді технология жүйесіне көшу жоспарланып отыр. Соның арқасында алдағы 10 жылдың ішінде шығарылатын қалдықтар көлемі 50 пайызға дейін азаяды деген болжамға келіп отырмыз», - деді З. Жолдасов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, комитет басшысы аталған кодекс аясында қоршаған ортаны қорғауда жергілікті атқарушы органдардың да міндеттелетінін айтып өтті.

«Кодекс күшіне енгеннен кейін, әкімдіктер әр 5 жыл сайын қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіші мен оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды бекітетін болады. Одан бөлек, әкімдіктерге ауа сапасы нашарлаған жағдайда қала аумағына көліктердің кіруіне шектеу қоюға және ауаны ластаушы кәсіпорындардың қызметіне уақытша шектеу енгізу құзыреті беріледі»,- дейді ол.




Бұған дейін министрлік өкілі отандық кәсіпорындардың қалдық көздеріне қатысты мониторинг жүйесін орнатуға міндеттелетіні туралы айтты.

Оның айтуынша, 2023 жылға дейін барлық ірі кәсіпорындар аталған жүйені орнатып, ол туралы комитетке деректер беріп отыруы тиіс.


Жоғары қарай