Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Экология министрлігі вегетация кезеңінде су соратын 67 қондырғы сатып алмақшы

2022 жылдың 24 мамыр 2022 10:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі вегетациялық науқан кезінде су соратын 67 қондырғы сатып алмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында ведомство басшысы Серікқали Брекешев Үкімет отырысында айтты.

Айтуынша, вегетациялық кезеңге дайындық барысында ел аумағында үш кешенді шара қолға алынған.

Олар:

- Трансшекаралық өзендер бассейніндегі 259 гидротехникалық құрылысты қалпына келтіру;

- 535 шақырым магистральды және шаруашылықаралық каналдарды механикалық тазарту;

- 67 су сорғы қондырғысын сатып алу және орнату.

«Жоғарыда аталған жұмыстар маусым айының соңына дейін толығымен аяқталады», - деді министр.

Серікқали Брешекевтің айтуынша, биыл Шардараға 5 млрд текше метр су жинауға мүмкіндік бар.


Жоғары қарай