Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Экология министрлігі жаралы итбалықтың видеосына қатысты шара қабылдауда

2020 жылдың 29 шілде 2020 14:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі көмек көрсету үшін Ақтау портындағы жаралы итбалық іздестіріп жатыр. Бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде жаралы итбалықтың видеосы тарап кеткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Достар, әлеуметтік желідегі жаралы итбалық туралы бейнежарияланымды нақтылағым келеді. Маңғыстау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы видеоны Ақтау теңіз портының қауіпсіздік қызметі түсіргенін анықтады. Бейнетүсірілімде итбалықтың арқасында кеменің немесе катердің бұрандасымен ұрған үлкен жарақат бар екені көрінеді. Қазіргі уақытта инспекция қызметкерлері жануарға көмек көрсету үшін іздестіріп жатыр. Ақтауда итбалықтарды зерттейтін және қалпына келтіретін орталық бар екенін айтқым келеді. Жаралы не ауру итбалықты көрген жағдайда, орталық оны құтқару, қажетті көмек көрсету үшін жедел топ аттандырады», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.


Осы бейнетүсірілімді жасаған адамдармен әңгіме өткізіліп, алдағы уақытта мұндай жағдай қайталана қалса, аумақтық инспекцияға немесе жоғарыдағы орталыққа жүгіну қажетт.

«Мұндай жағдайда дереу министрліктің +7777 678 5252 нөмірлі жедел желісіне хабарласу керек. Бұл тез қимылдап, жануарларға жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай