Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс істеуде

2020 жылдың 23 маусым 2020 09:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанда экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша 2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар және бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіпкерлікті дамыту мәселесі негізгі басымдықтардың бірі. Шағын және орта бизнесті дамыту – экономиканы әртараптандыру, жұмыспен қамту, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің, сондай-ақ халық үшін тауарлар мен қызметтер өндірісінің басты факторы. Қазіргі жағдайда шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі өзекті болып отыр. Ол үшін салықтық ынталандырулар берілді. Несиелендіру кеңейіп, бизнесті жүргізу шарттарын одан әрі жеңілдету бойынша шаралар қабылдануда», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша 2019 жылы экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ды құраған. Өткен жылы ШОБ 31,2 трлн теңгенң өнімін өндірген.

«Республика бойынша 3,4 млн адам шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. Бизнес климатты жақсарту бойынша қабылданып жатқан реформалар Қазақстанның Doing Business рейтингінде 25-ші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді», - деді ол.

Руслан Дәленов кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін бизнес-климатты жақсарту бойынша бірқатар шара қабылданғанын атып өтті.

«Бұл - салықтық ынталандыру, тексерулерді қысқарту және несиелеуді кеңейту. Сонымен қатар экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша 2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар және бизнесті қолдау бойынша Қосымша шаралар қабылданды. Арнайы Мемлекеттік комиссия жұмыс істеуде», - деді ол.


Жоғары қарай