Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екпе салдырғандар EGov-тан электронды вакцинация паспортын жүктей алады

2021 жылдың 3 сәуір 2021 14:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда EGov Mobile қосымшасының «цифрлық құжаттар» бөлімінен вакцинацияның электронды паспортын алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында жазды.

«EGov Mobile қосымшасының «цифрлық құжаттар» бөлімінде вакцинацияның электронды паспорты қолжетімді. Онда ақпарат үш тілде көрсетіледі: адам қандай препараттар алды, қандай дозаны және қай күні қолданғаны тұр. Сіз құжатты талап еткен жерде көрсете аласыз және QR кодын қолдана отырып қажетіңізге жаратасыз» деп жазды министр.

Оның айтуынша, қазір IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қаралып жатыр.

«Вакцинацияның біздің электронды паспортты қабылдау және халықаралық жүйелермен келісім орнату маңызды. Бұл бағытта әрі қарай жұмыс істеуіміз керек. Ақпарат ретінде Сіз EGov Mobile-да вакцинация паспортын тексерген кезде жоғарғы оң жақтағы «Жаңарту» батырмасын басқан кезде цифрлық құжаттағы паспорт екінші «дозаны» алғаннан кейін ғана көрсетіледі» дейді Бағдат Мусин.


Жоғары қарай