Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екпінді жел, бұрқасын: 22 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 02:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 22 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауады. Шығыс және орталықта қар қатты жауатыны күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 30 м/с және одан асуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің күші 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары күшеюі ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Желдің екпіні 25 м/с артады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күші 25 м/с жетуі ықтимал.

Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Қызылорда, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Атырау облысында күндіз кей жерлерде көктайғақ, Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай