Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ексетер қаласында  соғыстан қалған қуатты авиабомбаны жарды

2021 жылдың 28 ақпан 2021 16:46

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Жарылыс техниктерінің командасы жұма күні Англияның Эксетер қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған қуатты авиабомбаны жарып жіберді. Бұл туралы ҚазАқпарат жергілікті полиция қызметінің Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Эксетер университетінің маңынан табылған бомба жарып жіберілді. 400 метр радиусындағы жерді қоршау түні бойы сақталады, сондықтан тұрғындар өз үйлеріне қайтып оралмауы тиіс», - делінген хабарламада.

Ұзындығы 2 метрден асатын оқ-дәрінің жоғары қуаттылығына байланысты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында университеттік кампус аумағында және оның маңында тұрып жатқан бірнеше мың адамды қауіпсіз жерге шығару жұмысы жүргізілді. Эвакуацияланғандардың арасында бұл ЖОО-ның жүздеген студенті бар.

Полиция жариялаған видеода бомба жарылған сәттен кейін жарқылдау мен ондаған метрге көтерілген қара түтін бағанасы көрініп тұр. Жергілікті тұрғындар жарылыстың қаланың шалғай бөліктерде де естіліп, үйдегі заттардың қозғалғанын айтты.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Ұлыбританияның ӘӘК базасы орналасқан Эксетер жаппай бомбалауға ұшыраған.


Басты сөздер: Видео, Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай