Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ел аумағындағы елді мекендерді су басу жағдайы тіркелген жоқ – ТЖК

2020 жылдың 17 наурыз 2020 20:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының аумағында елді мекендерді су басу жағдайы тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін сағат 3:10-да Көкшетауда қардың тез еруі және егістіктерден еріген қар суының келуі салдарынан Қылшақты өзенінде су деңгейі көтерілді. Таңғы сағат 06.00-де судың деңгейі 2.50 м құрады, сыни белгі 3.20 м . Сонымен қатар Ашимов көшесі бойындағы автомобиль көпірі арқылы су жүрді. Тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады.




Осыған байланысты, су басуға жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылданды. Инертті материалдар төсеу арқылы жаға бекіту жұмыстары жүргізілді. Көкшетауда жағдай тұрақтанды. Сағат 12.00-ге өзендегі судың деңгейі 2м 30 см төмендеді.

Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша өзен арнасындағы судың деңгейі 1,3 метрді құрады, автомобиль көпірі арқылы су жүру жойылды.

Оқиға орнында облыстық ТЖД, Полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдарының, ЖПУ күштері мен құралдарынан 55 адам, 18 бірлік техника жұмылдырылды.

Жағдай бақылауда.




Шығыс Қазақстан облысының 10 ауданы аумағында аэровизуальды тексеру бойынша ұшу жасалды. Нәтижелері бойынша облыстың тексерілген аумақтарында қар еру үрдісі байқалмайтыны анықталды. Шағын өзендерде мұз құбылыстарының әлсіреуі, жиі шұңқырлар және елді мекендерді су басу және мұзға шықпастан өзен учаскелерін ашу байқалады. Көзбен шолу кезінде жоғары қар қоры байқалады.




Қарағанды облысындағы Шет ауданында ұшу жасалды. Аэровизуалды тексеру қорытындысы бойынша, оның ішінде Шерубай-Нұра, Жаман-Сарысу өзендері бассейндерінде қар қорының жеткілікті көлемі байқалады. Қардың қарқынды еру процестері байқалмайды, өзен арналарында тұрақты мұз қату анықталды.




Елек, Ойыл, Ембі, Үлкен Қобда, Қарғалы, Қосістек (Ақтөбе обл.), Есіл (Ақмола обл. және СҚО), Орал, Шаған, Елек, Шыңғырлау, Куперанқаты, Өленті, Шідерті, Быковка, Деркөл, Чижа-1, Чижа-2 (БҚО), Ертіс (Павлодар обл.) өзендерінде мұздың әлсіреу үрдісі жалғасуда.

Өзендердің кептелуін болдырмау мақсатында мұз қопсыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Республика бойынша Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында 8 тонна жарылғыш заттарды пайдалану арқылы 90-ға жуық жару жүзеге асырылды.

Еліміздің өңірлерінде азаматтық қорғау органдары су тасқынына қарсы іс-шараларды жалғастыруда. Бүгінгі күні 165 шақырым қорғау бөгеттерін салу және жөндеу, 407 шақырым су тасқыны қаупі бар өзендердің арналарын бекіту, түбін тереңдету және түзету, 156 шақырым су бұру арналарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.




11 мың шақырым арықтар мен арналарды тазалау жұмыстары жүргізілді. 13 миллион текше метр қар шығарылды. Автомобиль жолдарында 17 мың шақырым су өткізу құрылыстары, 4 500 шақырым теміржол жолдары тазартылды.

Ақмола (Астана, Сілеті және Шағалалы су қоймаларында), Қарағанды (Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай-Нұра су қоймаларында), Солтүстік Қазақстан (Сергеев және Петропавл су торабында) облыстарының су қоймаларында қажетті бос көлемдерді құру жалғасуда.

Жекелеген өңірлерде су тасқыны жағдайы ықтимал шиеленіскен жағдайда қосымша көшіру үшін азаматтық қорғаудың құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының резервті топтары дайындалды.





Жоғары қарай