Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Эльвин Демирчиев: Террорға ел болып тойтарыс беру керек

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 21:01

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Эльвин Демирчиев халықты бірлікке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде бейбіт түрде басталған шеру деструктивті ағымдағы лаңкестер мен содырлар бастаған қаруланған қақтығысқа ұласты. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт шеруде қойылған талаптардың бәрін ескеріп, өткір әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша жедел шешімдер қабылдады. Бірақ террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлкіне залал келтіріп, бейбіт халыққа қарсы қару қолданды», - деді Эльвин Демирчиев.

Оның айтуынша, жастар арандатушылардың арбауынан сақ болуы тиіс. Террорға ел болып тойтарыс беру керек.

«Арандату мен деструктивті ұрандарға қарамастан заңға және өз елімізге деген адалдықты сақтап қалу қажет. Ел Президентінің «Қазақстан әлем картасындағы егемен ел ретіндегі қуатты мемлекетке айналды, экономикамыз анағұрлым қарқынды дамиды, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы жақсара түседі» деген тұжырымымен толықтай келісеміз. Күшіміз – бірлікте!», - деді әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы.



Жоғары қарай